ОҚО-да үш аудан құрылады

3651

ОҚО-да үш аудан құрылады

Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында Сарыағаш және Мақтарал аудандарының аумағын бөлу мәселесі қаралды. Сарыағаш ауданын екіге бөлу туралы шешімді депутаттар бір ауыздан қолдады, деп хабарлайды ernur.kz
Сарыағаш ауданын бөліп, оның бірін Келес ауданы деп атау туралы мәслихат сессиясында шешім қабылданды.
Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырмасыншы сессиясында депутаттар Мақтарал ауданын да үшке бөлу ұсынысын қолдады. Оның бірі бұрынғы атаумен аталса, жаңа аудандар Асық ата және Жетісай деп аталатын болады. 
Сессияда қабылданған шешім ономастика комитетіне жолданды. Ол жақта мақұлданса ОҚО-дағы ең ірі екі ауданды бөлу туралы құжат үкіметке жолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу