ОҚО-да заңсыз қаруларды қабылдауға 17 миллион теңгеден аса қаржы бөлінді

864

ОҚО-да заңсыз қаруларды қабылдауға 17 миллион теңгеден аса қаржы бөлінді

10 сәуірден бастап ОҚО-да тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілді. Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 17 миллионнан астам теңге бөлінді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Акция басынан бері облыс көлемінде 196 азамат 322 дана отты атыс қаруы, оның ішінде - 47 ойық, 283 дана - тегіс ұңғылы қару және 1 ойық карабин мен 1 дана жарақатты тапаншаны ішкі істер органдарына өз еркімен тапсырды.

Арнайы құрылған комиссияның қажетті рәсімдерін жүргізгеннен кейін 13 миллион теңгеден астам сомаға қаруды сатып алу туралы 251 шешім қабылданды.
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға өткізгісі келетін тұрғындар кез келген қала, аудан ішкі істер бөліміне арыздана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу