ОҚО-да жаңа даму тұжырымдамасы жасалды

1006

ОҚО-да жаңа даму тұжырымдамасы жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге инвестиция тарту мақсатында "Туған жерді түлету – перзенттік парыз" республикалық акциясын өткізіп, өңірімізден шыққан атақты меценаттармен облыстың ерекше жобаларын қаржыларындыруға келісім жасауға кірісті, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кәсіп ашуды көздеген іскер азаматтарға жер беру бойынша 14 қаулыға қол қоюды  тездетіп, бір аптада шешім шығару үрдісі енгізілді.

Облыстағы аудан-қалалардың жекелей Даму концепцияларын жасау қолға алынды. Әр ауданның, әр қаланың ерекшеліктерін пайдалануға баса мән беріледі. Өңір басшысының арнайы тапсырмасымен эксперттік топ алғашқы жоба ретінде Төлеби ауданының бір жылдық даму концепциясын жасап шықты. Мұнда жалпы емес, жекелеген отбасылардың кәсіпкерлікпен айналысуына айрықша көңіл бөлінді.

Оңтүстікте туризм кластерін дамытудың ауқымды жоспарын жасауға кірісті. "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік дайындық аясында қонақтарға арнап, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 және 5-күндік туристік маршруттар жасалды. "Recommended by EXPO" белгісі беріліп, "Шымтур", "Саэль тур" және "Мирас тревел" туристік ұйымдарымен меморандумға қол қойылды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес үш ірі мегаполистің біріне айналуды жоспарлаған Шымкенттің сәулеттік, инфрақұрылымдық жобасына жаңа бағыттар енгізілді. Мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқылы үй салу, тұрғындарға ұсыну мәселесі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өте белсенді жүргізілді. Соңғы үш айда 1865 пәтер пайдалануға берілді. Осы кезеңмен тоқтамай алдағы уақытта да "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы көпқабатты үй тұрғызу барынша қарқын алады.

Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасындағы шекара аймағында сауда аймағын құру қолға алынды. Тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жеткізілді. Екі елде еркін қатынау үшін Самарқан-Шымкент-Түркістан және Шардара-Жетісай-Жызақ бағытында автобустар жүргізіледі.

"Түркістан 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы" деген халықаралық мәртебені иеленді. Енді жыл көлемінде Түркістанда халықаралық деңгейде өте тартымды мәдени шаралар басталады. Бұл Оңтүстіктің мәденеиеті мен өнерін таныту үшін тың серпін береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу