ОҚО-да жекеге өткен 10 нысан 557 миллион теңгеге сатылған

917

ОҚО-да жекеге өткен 10 нысан 557 миллион теңгеге сатылған

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 67 медициналық тіректің құрылысы жүргізілетін болады. Егер аталған жоба  іске асса,  облыстағы медициналық тіректердің қажеттілігі толық қамтамасыз етілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Басқарма басшысының айтуынша, былтырғы жылы өңірде 33 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілген.  2018 жылы тағы да 9  медициналық, оның ішінде 6 емхана мен 1 ауылдық емхана және 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған.  Бұдан бөлек, биыл  мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында Шымкент қаласында 3 емхананың құрылысы басталмақ.
Мәжіліс барасында облыстық қаржы басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев 2017 жылғы бюджеттің атқарылуын баяндады.

Облыс бойынша 2017 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 102,1 пайызға орындалған. Жоспардан тыс 6,5 млрд теңге қосымша кіріс түскен. Оның ішінде республикалық бюджет 101,3 пайызға орындалып, 2,5 млрд теңге артық түсім байқалған. Ал жергілікті бюджеттің кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, түсім  4  млрд теңгеге көбейген. 
Мәжілісте жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндаған Абдрахман Батырбекұлы  2017 жылы жекешелендіруге жататын 21 нысанның 10-ы  жалпы 557,63 млн теңгеге сатылғанын жеткізді.  Жалпы былтыр облыстық коммуналдық меншіктегі мүлікті сатудан облыстық бюджетке 129,9 млн теңге түскен. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу