ОҚО-да жеміс-жидек агропаркі құрылады

1012

ОҚО-да жеміс-жидек агропаркі құрылады

Оңтүстік Қазақстан облысында ірі агропарк кешені құрылмақ. Жоба "Аграрлық несие корпорациясы" мен "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы арасында жүргізіліп отыр. Сондай-ақ, облыс әкімдігі де ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған. Мақсат – өңірде қосымша жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, алма бақтарын қайта жаңғырту жұмыстарымен айналысу. Қазір үшжақты келісімге сәйкес, әкімдік жер учаскелерін бөлу мәселесімен айналысуда. Күзде қоймаға жиналған жеміс-жидектер тікелей экспортқа шығарылуы тиіс. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы бау-бақша өнімдері мен көкөністерді сыртқа шығарушы ісі бойынша елде алдыңғы қатарда тұрған аймақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу