ОҚО-да жыл соңына дейін 25 көпір жөнделеді

1107

ОҚО-да жыл соңына дейін 25 көпір жөнделеді

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 16 көпір жөнделуде. Қосымша 9 көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни, ағымдағы жыл ішінде 25 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылады. Күрделі жөндеу көретін көпірлердің дені Бәйдібек (1), Мақтаарал (3), Отырар (1), Сарыағаш (1), Түлкібас (2) аудандары мен Түркістан (1) қаласына тиесілі.

Оған қоса, 22 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттар әзірленіп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта жөндеуді қвжет ететін көпірлер саны едәуір азаятын болады.

Мұндай ұсыныстар, таяуда, облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан айтылып, халық қалаулыларымен қолдау тапты.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданындағы Дарбаза стансасына кіре берісте 1,2 шқ., Түлкібас ауданындағы "Әсел" демалыс орнына кіре берістегі 5,7 шқ. және Арыс қаласына кіре берістегі 8 шқ. жол орташа жөндеуден өткізілетін болады. Мақтаралда да атқарылатын шаруа бар. Ондағы Жаңа дала, Иіржар және Өркениет елді мекендерінің үш көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталса, Шымкент қаласының Темірлан тас жолында да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу