Бүгін мемлекет басшысының қатысуымен өткен "Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы" ұлттық телекөпір барысында Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы "Continental Logistics Shymkent" А + санатындағы кешенді іске қосты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары бар.
Телекөпірге ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен "Қазақстан темір жолы" ҰК "АҚ вице-президенті Санжар Елубаев және орталық қызметкерлері қатысты. Елбасыға жаңа нысанның маңыздылығы туралы вице-президент баяндады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу