ОҚО-дағы бала зорлауға қатысты жағдай ҚР омбудсменінің бақылауына алынды

972

ОҚО-дағы бала зорлауға қатысты жағдай ҚР омбудсменінің бақылауына алынды

ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл ОҚО-дағы жеті жасар баланы зорлаумен байланысты жағдайды бақылауға алды, деп хабарлайды уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

2017 жылдың тамыз айында ОҚО Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы Ж. Баласағұн атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сыныбы оқушыларының 1-сынып оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттеріне байланысты БАҚ-та орын алған хабарламалар кең қоғамдық резонанс тудырды.

ҚР омбудсмені осы істі тергеудің ұзаққа созылғандығына алаңдаушылық білдірді, бұл оның әртүрлі түсіндірілуінің және кәмелетке толмаған баланың құқықтарын қалпына келтірілуіне уақытылы әрекет ету шараларын қабылдамаудың негізі болып табылады.

Сондай-ақ зардап шеккен балаға оның физикалық және психоэмоционалдық жағдайы бұзылғандықтан қажетті көмек көрсету мәселесі маңызды болып саналады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты бұл жағдай ҚР омбудсменінің бақылауына алынды. Тиісті ресми сұраулар ҚР бас прокуратурасына, ішкі істер министрлігіне және БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жан-жақты әрекет ету шаралары үшін жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу