ОҚО-дағы педагогикалық институтқа университет мәртебесі берілді

1136

ОҚО-дағы педагогикалық институтқа университет мәртебесі берілді

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына университет мәртебесі берілді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Оңтүстікте педагогтар дайындайтын қара шаңырақ атанған педагогикалық университеттің құрылғанына биыл 80 жыл толып отыр. Сексен жылдың ішінде атауы сан рет өзгерген оқу ордасы 2011 жылдан бері институт аталып келді. Жақында мерейтой қарсаңында Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен білім ошағына университет мәртебесі берілді.

Сексен жылдық салтанатта облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қара шаңыраққа университет мәртебесін растайтын куәлікті табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу