ОҚО-дағы су айдынына 50 мың шабақ жіберілді

1713

ОҚО-дағы су айдынына 50 мың шабақ жіберілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында Шаян өзенінің жағасынан жасалған балық өсіру бұғатына 50 мың шабақ жіберілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шаян өзенін жағасындағы үш балық өсіру бұғатына сазан мен тұқы балықтарының шабағы жіберілді. Шараға Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ардагерлері қатысты.
Аталған үш бұғаттың жалпы сыйымдылығы - 500 мың балық. Жергілікті жеті адам жұмыспен қамтылған. Бәйдібектік кәсіпкер енді бес гектар жердің аумағына жасыл желек егіп, су бұрқақ орнатуды және демалыс аймағының құрылысын жүргізіп, келесі жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Бұған дейін аудандағы "КазГолдФишт" ЖШС-і "Досан-Қарабас" су қоймасына 700 мың сазан, ақ, қара амур балықтарын жіберсе, 2017 жылдың мамыр айында "Нұр-Ай" шаруа қожалығы "Бөген" өзенінің жағасынан арнайы бұғат жасап, сазан, ақ амур мен карас балықтарының 8 мың шабағын жіберген болатын.

Статистика бойынша су қоймаларына жіберілген  шабақтың  70-80 пайызы әрі қарай өсіп жетіледі екен. Балықтың бұл түрлерін су айдынына жіберу көктем және күз айларында жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу