ОҚО-дан әскерге 2,5 мыңнан астам адам аттанды

637

ОҚО-дан әскерге 2,5 мыңнан астам адам аттанды

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Жамбыл облысы "Мәтібұлақ" оқу полигонының базасында облыстың аумақтық қорғаныс бригадасының Әскерлердің Жауынгерлік парадына тартылған жеке құрамды марапаттады. Сонымен бірге Отан алдындағы өз борышын өтеуге аттанып жатқан жас сарбаздарға сәттілік тіледі, деп хабарлайды әкімінің баспасөз қызметі

 ""Тәрбие – тал бесіктен" деген атам қазақ, көкірегінде намысы бар, бойында күш қуаты бар, Отан үшін отқа түсетін ұрпақ өсірді. Сол ұрпақтың жастарымен қәзіргі таңда Қазақстан әскері жасақталуда. Осы әскердің қалыптасуында Оңтүстік Қазақстанның елеулі орны бар.  Биылғы көктемгі шақырту кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына 2,5 мыңнан астам оңтүстік жауынгерлері аттанды. Әр адам Отан сүюді өзінен бастаса ғана нәтиже шығады, яғни ел дамып, жер көркейеді. Міне сол үшін де әр азамат өз деңгейінде еліміздің өркендеп өсуіне, гүлденуіне, тыныш әрі бейбіт өмір сүруіне үлес қосатынына сенімдімін", - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Әскерлердің Жауынгерлік парадында облыстың аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы өздерінің жоғары дайындығын көрсете біліп, әскери қызметі және ішкі тәртіпті ұйымдастыру конкурсында 1-ші орынға ие болған.

Салтанатты шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрдің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров әр жылы мерзімді әскери қызметке 24 мың азамат шақырылса, оның 4 мыңға жуығы Оңтүстік Қазақстан облысының жастары екен.

"Бүгін біз, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарын толықтыруға, отан алдындағы міндетін атқаруға жас ұрпақтарымызды салтанатпен шығарып салудамыз. Соңғы 2-3 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жас буынмен толықтыру жұмыстарында саны мен сапасы жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы республикада алдыңғы қатарда. Елін қорғау ердің ісі, осындай ер-азаматтарды дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие беріп, өсірген ата-аналарға шексіз алғысымды білдіргім келеді!", - деді Талғат Мұхтаров.

Бұдан бөлек, әскери шараға  35748 әскери бөлімінің бастығы мен жеке құрамы, ОҚО ҚІЖД бастығы мен өкілдері, ОҚО ардагерлер кеңесінің өкілдері, әскер қатарына аттанушылар мен олардың ата-аналары, 35748 әскери бөлімінің жауынгерлері, Шымкент қаласы  Сабыр Рахымов атындағы "Жас Ұлан" мектебінің тәрбиеленушілері мен Шымкент қаласының жастары қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу