ОҚО-дан Атырау қаласына 20 тонна қырыққабат жөнелтілді

845

ОҚО-дан Атырау қаласына 20 тонна қырыққабат жөнелтілді

Мақтарал ауданында ерте егілген қырыққабат өнімдері пісіп, нарыққа жол тарта бастады. "Атамекен" ауылдық округінің диқандары алғашқы өнімінің 20 тоннасын Атырау қаласына жөнелтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнімін беріп жатқан қырыққабат дақылы 892,5 гектар жерге егілген, былтырғымен салыстырғанда алқап көлемі 112,8 гектарға кеңейген. 

Мақтаралдық диқандар салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың нидерландық пандион сұрпын еккен. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс жоғары.

Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оның артынан қауын-қарбыз егуге кіріседі. Осылайша шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады. 

Айта кетейік, Мақтарал ауданында өткен жылы 3877 гектарға көкөніс егіліп, орташа 231,3 центнерден 89689 тонна өнім жиналған. Ал, оның 50 мың тоннадан астамы қырыққабат дақылы болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу