ОҚО-дан Ресейге 60 тонна көкөніс жөнелтілді

693

ОҚО-дан Ресейге 60 тонна көкөніс жөнелтілді

Мақтарал ауданының диқандары қауын-қарбызбен қатар көкөніс те Ресей нарығына шығара бастады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданда ерте егілген 350 гектар көкөніс пісіп жетіліп, егістік алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Бүгінде шаруалар болгар бұрышы мен баклажан өнімінің 60 тоннадан астамын Ресейге жөнелткен.

"Баклажан - күнделікті тұрмысқа өте қажетті өнімдердің бірі. Құрамында дәрумендер өте көп. Міне, егіншілікті әртараптандырудың арқасында диқандарымыз бұрын соңды екпеген көкөністің осындай түрлеріне бет бұра бастады. Диқандарымыз осылайша отандық нарықпен қатар, Ресейге баклажан өнімдерін экспорттауда", - дейді аудан әкімі Жамантай Қанайұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу