ОҚО-дан шығарылатын пластикалық арматураға сұраныс жоқ

1066

ОҚО-дан шығарылатын пластикалық арматураға сұраныс жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы композиттік шыны пластикалық арматура шығаратын кәсіпорын жабылудың алдында тұр. Себебі құрылыс материалына сұраныс жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Өндірісте бірқатар темір бұйымдардың орнын алмастыруы мүмкін деген инновациялық технология қазір цехтың қоймасында жинаулы. 2013 жылы Кентауда ашылған серіктестік "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасымен грант ұтып алған. Алайда тірлігі тұралап қалған өндіріс орнына жергілікті билік қол ұшын созуға әзір. Яғни мемлекет қолдауымен жүзеге асырылып жатқан нысандардың жұмысын жүргізетін компанияларға құрылыс тауарын  ұсыну және өткізу жолдарын қарастыруда.

Шыны пластикалық  арматураны жан-жақты қолдануға болады. Ол металл арматураларға қарағанда салмағы да жеңіл. Бағасы да 40 пайызға төмен дейді кәсіпорын басшысы. Композиттік арматуралар әзірге Ресей мен Еуропа елдерінде ғана қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу