ОҚО дәнді дақыл жинаудан рекорд орнатты

1389

ОҚО дәнді дақыл жинаудан рекорд орнатты

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары еліміз егемендік алған ширек ғасырда дәнді дақыл жинау бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл өңір диқандары 676 мың тонна (өткен жылмен салыстырғанда 95 мың тоннаға көп) өнім жинап, бұрын-соңды болмаған нәтижені беріп отыр. Мұны орташа түсімділікке шақсаңыз, гектарына 26 центнер дәнді дақылдан келеді екен.

Сонымен қатар, биылғы маусым шаруалардың өзге де өнімдерді көптеп өсіріп, жинауда оң жамбасынан келіпті. Мәселен, осы маусымда жиналған көкөніс көлемі 109 мың тн артып, 963 мың тн құрса, бақша өнімдері 30 мың тн  артып, 1 млн  413 мың тн, картоп 22 мың тн артып, 277 мың тн, жеміс-жидек 64 мың тн артып, 126 мың тн, жүзім 22 мың тн. артып, 63 мың тоннаны көрсетті.

Мұнан бөлек, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен игеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың га енгізілді. Бұған дейін тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26–27 ц/га өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтардан 40–45 цн/га өнім алынуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, бұл технологияны басқа да дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылуда.

Айта кетейік, биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың га артып, 788,6 мың га болды.

Орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаның – 100 %, жүзімнің - 65 %, бақшаның – 66 %, мақсарының – 40 %, жеміс-жидектің – 31 %, көкөністің – 24 % облыстың еншісінде.

Бұл алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысын республика халқын жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғары екендігінің бірден-бір айғағы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу