ОҚО ЭКСПО-ға 5 жоба әзірлеп отыр

620

ОҚО ЭКСПО-ға 5 жоба әзірлеп отыр

Қазақстанды дүниежүзіне танытатын "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан жасыл экономика бағытындағы 5 ірі жоба қатысады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО кәсіпкерлік, индустриялық инновациялық даму және туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысы П.Қонысбаева мәлім етті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, бұл жобаларды "Нұр әлем" ұлттық павильонын толықтыру мақсатында энергетика министрлігі іріктеп, "Астана ЭКСПО-2017" АҚ-ға ұсынған.

Алдағы уақытта жасыл экономика бағытындағы жобаларды кеңінен таныстыру мақсатында журналистер үшін арнайы пресс-тур ұйымдастыралытынын айтқан спикер қатысатын жобаларды атап өтті.

Олар – "Болашақ энергиясы" "Таза су – өмір бұлағы!" – "Су ресурстары – Маркетинг" ЖШС жобасы, "Негізгі су агрегаттарын және қосалқы қондырғыларды кешенді түрде жаңарту" – "Шардара СЭС" АҚ, "ПКОП" ЖШС-ның жаңғырту жобасы аясында қоршаған ортаны жақсарту бойынша жаңа технологиялар" – "ПКОП" ЖШС, "Шымкентцемент" АҚ жаңғырту жобасы аясында қоршаған ортаны жақсарту" – "Шымкентцемент" АҚ мен "Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қуаттылығы 50МВт күн электр станциясының құрылысы" – "Green Energy 3000" ЖШС.

Сонымен қатар, ол Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық мамандандырылған көрмесіне өңірлік деңгейде дайындалу іс-шаралар жоспары әзірленіп, сол бағытта тиісті жұмыстың атқаралып жатқанын айтты.

"Жоспарға сәйкес, облыста "ЭКСПО-2017" көрмесін жарнамалау және ілгерілету, өңір тұрғындарының көрмеге қатысуын, көлікпен, жатын орынмен қамтамасыз ету, көрмеге қажетті еріктілердің даярлығын қамтамасыз ету, көрме қонақтарына арналған туристік маршруттар әзірлеу, көрмені өткізу кезеңінде Астана қаласына азық-түлік өнімдерін жеткізу және "Нұр әлем" Қазақстанның ұлттық павильонын толықтыру бағытында жұмыс жүргізіледі", – дейді П.Қонысбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу