ОҚО ЭКСПО көрмесіне келетін туристерді қабылдауға дайын

1358

ОҚО ЭКСПО көрмесіне келетін туристерді қабылдауға дайын

Оңтүстік Қазақстан облысы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне келуші қонақтарды күтіп алуға дайын. Оңтүстік Қазақстан облысына келуші туристерге облыс әкімдігі мен туристік ассоциация бірлесе арнайы 3-5 күндік туристік маршруттар әзірледі, деп хабарлайды ontustik.gov.kz.

Мұндағы 3 күндік маршруттың бағасы 10-15 адамдық топқа 62 400 теңге болса,  5 күндік маршруттың бағасы 10-15 адамға 106 мың теңгені құрап отыр.

Олар тарихи және сәулет ескерткіштерін тамашалауға арналған туристік нысандар. Мәселен, туристер Түркістан қаласында "Әзірет Сұлтан" қорық-мұражайы мен Сауран қалашығына, Отырар ауданында Арыстан баб кесенесі мен Отырар қалашығы, Бәйдібек ауданы бойынша Ақмешіт үңгірі және Домалақ ана кесенесіне, ал Қазығұрт ауданында "Кеме қалған" мемориалды кешеніне, "Адам ата – Жер ана" табиғи ескерткішін тамашаласа, Төлеби ауданында  "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Түлкібас ауданында "Ақсу - Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығына барып таныса алады.  Сонымен қатар, Шымкент қаласы  бойынша танымдық экскурсия (Дендросаябақ, Тәуелсіздік саябағы, Наурыз алаңы, Бәйдібек би ескерткіші және т.б.) ұйымдастырлады.

Мұнан бөлек, облыста екі этно-ауыл бой көтерген. Бұл қоныста қонақтарға халқымыздың тұрмыс-салты кеңінен насихатталады. Мұнда ат басын бұрғандар  қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып қана қоймай, оны өз қолымен әзірлеуіне де жағдай жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу