ОҚО халқы депозитке 267,9 млрд теңге қаржы салған

1007

ОҚО халқы депозитке 267,9 млрд теңге қаржы салған

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы өңір халқы банктерге 267,9 млрд. теңге көлемінде салым жасаған. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артқанын көрсетеді. Халық салымдарының басым бөлігі ұлттық валютада сақтаулы. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.

Сондай-ақ 2017 жылдың 1 желтоқсаны бойынша екінші деңгейлі банктер 299,4 млрд теңге көлемінде несие берген. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,4 пайызға артып отыр.

"Екінші деңгейдегі банктерден берілген несие көлемінің 62,4 пайызы - жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында, 19,8 пайызы - өнеркәсіп саласына, 14,4 пайызы - саудаға, 2,1 пайызы - құрылыс саласына, 1,3 пайызы - ауыл шаруашылығына берілген", - деді Арман Сәбитұлы

Сонымен қатар, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 43,9 млрд. теңгені құрап, 12,4 пайызға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу