ОҚО халқының 61%-ы табиғи газбен қамтылған

823

ОҚО халқының 61%-ы табиғи газбен қамтылған

Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгіннің өзінде өңір тұрғындарының 61 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлімдеген.

Оның айтуынша, 2016 жылы 25 елдімекендегі табиғи газ құрылысына 13,7 млрд теңге бөлініп, толығымен игеріліпті. Нәтижесінде 300 елдімекенде тұратын 1 миллион 755 мың 306 тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Ал, 9 жобаның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады.

Одан бөлек, 2016 жылы 47 елді мекендегі тұрғындарды облыстық бюджет есебінен табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Мұндағы жұмыстарды 2017 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Ал, биыл 79 нысанға облыстық бюджеттен 13,7 млрд теңге бөлініпті. Егер құрылыс жұмыстары межелеген мерзімде аяқталса, 357 елдімекенде тұратын 1 миллион 855 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Яғни бұл облыс халқының 65,3 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, 2017-2020 жылдары 960 мың тұрғыны бар 383 елді мекенді газдандыру жұмыстары қолға алынады. Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда 2021 жылы облысымыздағы газдандырылған ауылдар саны 683-ке артатын болады. Нақтырақ айтсақ, 2 миллион 715 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді. Бұл облыс халқының 81 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу