Бүгін Шымкент қаласында "Берекелі бірлікпен рухани жаңғыруға" тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясы өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ж.Түймебаев қатысқан жиынға этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелері, аудан, қала әкімдері, облыстық мәслихаттағы "Ел бірлігі" депутаттық тобының мүшелері және зиялы қауым мен жастар, БАҚ өкілдері сынды жалпы саны 800-ден астам адам қатысты.
Сесиия жұмысын ашқан аймақ басшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ж.Түймебаев бүгінгі басқосудың мақсатымен таныстырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХХV сессиясында жүктеген бірқатар міндет-мақсаттардың облыста жүзеге асырылу барысына тоқталды.
Іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа мүшелері мен қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.
Сондай-ақ, жиында достықты, бейбітшілік пен этносаралық татулықты нығайтудағы жасампаз еңбегі үшін бірқатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.