ОҚО мен "Қазатомөнеркәсіп" арасында меморандум жасалды

1358

ОҚО мен "Қазатомөнеркәсіп" арасында меморандум жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев "Қазатомөнеркәсіп" АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағаливпен бірге Созақ ауданындағы Таукент елді мекеніндегі анжуған" өндіріс аймағының кен өндіру орындарын аралап, жұмысшылармен тілдесті, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Қазақстан уран өндіруде дүниежүзі бойынша үздіктердің қатарында. "Қазатомөнеркәсіп" ауданның ғана емес, облыстың да экономикасын ілгерілетуге үлес қосып келеді. Өндіріске қажетті көптеген заттар осы облыстан алынуда. Компанияның сұранысының нәтижесінде Шолаққорғанда жекелеген кәсіпорындар ашылып, өнім шығарып жатыр. Кәсіпорын қызметкерлерінің 70 пайызын, яғни, 7 мыңын Созақ ауданының тұрғындары құрайды. Мұндай ынтымақтастықты тереңдете беруіміз керек", — деді облыс әкімі.

Өз кезегінде А.Жұмағалиев кәсіпорынның Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізіп жатқан үлесін баяндап, кәсіпорын тарапынан әлеуметтік нысандар салынғанын жеткізді.

"Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға 2025 жылға дейін 79 млрд теңге бөлетін боламыз. 2014 жылы біздің өнеркәсіп пен ОҚО әкімдігі арасында түзілген меморандум аясында өткен жылы жергілікті атқару органдарына құны 1 млрд 663 млн теңге болатын 12 әлеуметтік нысан қайтарымсыз берілді. Одан бөлек жаңа әлеуметтік нысандар салуға 800 млн теңге бөлінді. Биыл жыл соңына дейін тағы 800 млн теңге бөлу көзделуде. Қазақстан жылына 19 мың тонна уран өндіріп, бұл салада үздіктердің қатарына енді. Мұнда Созақ ауданынан алынатын құнды табиғи байлықтардың орны ерекше, — деді "Қазатомөнеркәсіп" басшысы.

Басқосу барысында осынау екіжақты уағдаластықты одан әрі жалғастырып, нығайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ арасында меморандум жасалды. Әлеуметтік даму саласындағы қарым-қатынастарды нығайтып, қолдау көрсету, ондағы қызметкерлердің жұмыс орындары мен жалақысын қысқартуға жол бермеу, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, оның ішінде жалақы берешегін өтеу бойынша жұмыстарды жандандыру, сонымен қатар, жергілікті қамтуды дамыту саласында қолдау көрсетуді көздейтін құжат қос тарапқа да пайдалы болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу