ОҚО мен Қызыл теңіз провинциясы арасында меморандум түзілді

985

ОҚО мен Қызыл теңіз провинциясы арасында меморандум түзілді

ОҚО әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев Мысырдың Қызыл теңіз провинциясының губернаторы Ахмед Абдалламен, Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фодамен және  Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хайсам  Ибраһиммен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан - Мысыр арасындағы қарым-қатынастың одан әрі дамыту мақсатында және достастық пен бауырластық байланысты нығайту үшін ОҚО мен Қызыл теңіз провинциясы арасында меморандумды түзілді.

Келісім шеңберінде ОҚО мен Қызыл теңіз провинциясы арасындағы өзара ынтымақтастық екіжақты серіктестік қатынастар мен экономикалық, мәдени, ғылыми, техникалық, спорттық, экологиялық және туристік салаларда жүзеге асырылады.

Кездесуде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсенбаев бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы қарқынды дамып келе жатқан қуатты экономикалық әлеует шоғырланған өңір екенін атап өтті.

"Облыстың экономикасы әртараптандырылған. Шикізатты сатудан тәуелді емеспіз - өңір экономикасының 60 пайыздан астамы өңдеу өнеркәсібінде. Мұнда шағын және орта бизнес дамыған, мәселен, облыста 177 мыңнан астам бизнес субьектілері тіркелген. Біздің облысымызда шетелдік инвесторларға барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған. Бүгінде облысымызда Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 11 индустриалдық және 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.  Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанынан түрлі салалардағы инвестициялық жобаларды 3 млн АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялауға мүмкіндігі бар қаржылық институттар құрылғанын айтқым келеді",- деді Т.Сәрсембаев.

Қол қойылған келісім "Қазақстан-Мысыр достығының қауымдастығы аясында іске асырылып отырғанын айтқан губернатор Ахмед Абдалла бұл іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Айта кетейік, "Қызыл теңіз" провинциясы – Мысыр елінің шығысында орналасқан  Қызыл теңіз жағалауы бойындағы облыс.  

Сонымен бірге мәртебелі мейман "Қызыл теңіз" провинциясының туристтік әлеуетін қысқаша баяндап, өңір  курорттық зоналар мен қонақ үйлер көп шоғырланған ірі туристтік орталық ретінде танымал екенін мәлім етті. Оның айтуынша, ондағы қонақ үйлердің жалпы жатын орны 80 мыңды құрайды екен. Сондай-ақ, жылына 6 миллион туристі қарсы алуға әлеуеті жететін туристтік аймақта 18 млн адамды қабылдай алатын үш әуежай бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу