ОҚО-мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 532 млн долларға жетті

542

ОҚО-мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 532 млн долларға жетті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының әкімі Улугбек Узаков бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жизақ облысының іскер топтарының өкілдері мен Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының елшілері қатысқан басқосуда екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы сөз болды.

Өңір басшысы екі аймақтың ортақ ұқсастығы мен әлеуеті зор екенін айтып, көрші елге тауар экспортын арттыру қажеттігін айтты.

Мұнан бөлек, кездесуде тараптар өңіраралық сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған өзара тиімді екіжақты дамыту мәселесін талқылады.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара тауар айналымы өткен жылы 532 млн АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде 194 млн АҚШ доллары экспорт, 338 млн доллары импорт болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу