Статистика комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша негізгі көрсеткіштерін жариялады.
Алдын ала деректер бойынша, 2017 жылғы қаңтар-мамырда облыстың Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 243,6 млн АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,1% болды, оның ішінде экспорт – 95,4 млн АҚШ долларын (72,1%) немесе өзара сауда көлемінің 39,2% құраған еді. Импорт – 148,2 млн АҚШ долларын (136,6%) немесе өзара сауда көлемінің 60,8% құрады.
Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 219,1 млн АҚШ доллары (өзара сауда көлемінің 89,9%) сомасында қалыптасты, ал Қырғызстан Республикасымен – 16 млн АҚШ доллары (6,6%), Беларусь Республикасымен – 8,5 млн АҚШ доллары (3,5%), Армениямен – 0,02 млн АҚШ доллары айналымда болды. ЕАЭО елдеріне экспорттың жалпы көлеміндегі 86,6% Ресей Федерациясына, 13% Қырғызстан Республикасына, 0,4% Беларусь Республикасына тиесілі.