ОҚО-ның жалпы өңірлік өнім 14,4 мың теңгеге өсті

996

ОҚО-ның жалпы өңірлік өнім 14,4  мың теңгеге өсті

2017 жылғы I тоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облысы халқының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2016 жылғы 1 тоқсанымен салыстырғанда 14,4  мың теңгеге өсіп, 226,5 мың теңгені құрады. Республика өңірлерін орналастыру тәртібінде ЖӨӨ бойынша облыс 5-ші орынды, ал халықтың жан басына шаққандағы есебінде – 14 орынды иемденді, деп хабарлайды abctv.kz. статистика комитетіне сілтеме жасап.

2017 жылғы I тоқсандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 652883,8 млн. теңгені (2016 жылғы I тоқсанда – 604212,5 млн. теңге) құрап және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,3% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 35,0%, қызмет көрсету – 58,0% құрады.© AP Photo 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу