ОҚО спортшылары былтыр 491 алтын медаль жеңіп алды

1275

ОҚО спортшылары былтыр 491 алтын медаль жеңіп алды

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы спорт саласына 10,9 млрд теңге бағытталып, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 28 пайызға артқан.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мемлекет тарапынан спортшыларға жасалған жағдайдың арқасында республикалық чемпионаттар мен біріншіліктерде облыс спортшылары  399 алтын, 395 күміс, 391 қола медальға, қол жеткізсе,  Азия чемпионаттарында  облыс спортшылары   46 алтын, 46 күміс және 37 қола медалге ие болды. Ал, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында  оғландарымыз 46  алтын, 19 күміс және  29  қола медаль  жеңіп алды.

Мәселен, Тәуелсіз Қазақстан тарихында  ескек есу спорты бойынша жастар арасында тұңғыш Әлем чемпионы Сергей Емельянов атанса, облыста олимпиадалық спорт түрі – бокстан Біржан Жақыпов және самбодан Арман Оспанов Әлем чемпиондары атанды.

2016 жылы Бразилия елінде өткен жазғы Олимпиада ойындарына облыстан спорт түрлері бойынша 20 спортшы қатысып, ауыр атлет шебері Жазира Жаппарқұл күміс медаль иеленсе, дзюдо күрес шебері Галбадрах  Отгенцэцэг қола медальге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ, облыс тарихында тұңғыш рет Бразилия елінің Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Паралимпиадалық ойындарында өңірдің 2 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында өнер көрсетті.  Олар: дзюдодан Құралбай Орынбасар және жүзуден Роман Агалаков.

Жалпы облыста дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында 87 мемлекеттік спорт мекемелерінде 2399 білікті жаттықтырушы 53678 спортшымен күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыста  5350 спорт нысандары тіркеліп, 2015 жылмен салыстырғанда 172 нысанға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу