ОҚО туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша алғашқы орынға шықты

2718

ОҚО туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша алғашқы орынға шықты

2017 жылғы 1 - маусымдағы көрсеткіш бойынша ОҚО халқының саны 2 894 816 адам, соның ішінде қалалық жерде 1 317 031, ауылдық жерде 1 577 785 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков  мәлім етті, деп хабарлайды өңірдің баспасөз қызметі.

"Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша 1- орында. Ағымдағы жылдың бес айында облыс туу бойынша республика  деңгейінде алдыңғы қатарында көрінді. Оның үлесі 20,2 пайызды, яғни 31 409 баланы құрады. 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 1000 қыз балаға 1 076 ұл бала туылды. Бұл жерде ұл балалардың көп туылу тенденциясы сақталуда",- деді Айдар Ахметбекұлы. 

Ал, биылғы I тоқсанда халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 41 069 теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға  өскен. Ал нақты ақшалай табыс 6,7 пайызға төмендеген. 

Айта кетейік, осы тоқсанда ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында 187 854 теңге болып белгіленді. Ал ең төмен жалақы Төлеби ауданында – 75 824 теңгенің көлемінде болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу