ОҚО жүргізушілері 1 миллиард теңгеден аса айыппұл төлейді

1434

ОҚО жүргізушілері 1 миллиард теңгеден аса айыппұл төлейді

ОҚО жүргізушілеріне 1 миллиард теңгеден аса айыппұл салынған, деп хабарлайды khabar.kz.

Айыппұлдың көбі жолда жылдамдықты асырғаны үшін салынған. Бүгінге дейін бұл соманың 30 пайызы төленген.

Өңірде өткен жылдың 10 айы ішінде 1763 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осындай жағдайды азайту үшін ішкі істер департаменті Крис-П жылжымалы фоторадарды қолдана бастады. Ол 4 айға жақын уақыт ішінде жылдамдықты асырған 27 мың жүргізушіні анықтаған.

"Жаңа құрылғы жол-көлік оқиғаларының төмендеуіне әсер етуде. Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда, жол-көлік оқиғалары 10,7 пайызға, адам өліміне алып келетін жағдай 14,7 пайызға, ал дене жарақатымен ауруханаға түскендер 9,5 пайызға төмендеп отыр", - дейді ОҚО ІІД ЖПП батальон командирі Асқар Жүзжасаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу