Өкпеге жаңа әдіспен операция жасалды

2130

Өкпеге жаңа әдіспен операция жасалды

Алматылық дәрігерлер заманауи операция жасаудың тың әдісін меңгерді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бүгінге дейін өкпенің бір бөлігін алып тастау операциясы ескі тәсілмен, яғни кеудені кесіп ашу арқылы жасалып келген болатын.

Енді олар эндоскопия құрылғысының көмегімен бар болғаны үш сантиметрге кесілген асқазан арқылы өкпенің бір бөлігін жылдам алып тастайды. Жаңа әдіспен операция жеңіл жасалады, әрі науқас екі аптаның ішінде емін-еркін жүріп-тұра алады. Айта кетейік, мұндай технология Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және Еуропа елдерінде қолданылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу