Өкпесі 100% зақымданған, COVID-19 ауруы бар әйел дені сау сәби босанды

809

Елордалық тұрғын босану кезінде КВИ диагнозымен өте ауыр халде болған.  

Өкпесі 100% зақымданған, COVID-19 ауруы бар әйел дені сау сәби босанды

№2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері коронавирустық инфекциямен аса ауыр халде түскен әйелді аман-есен босандырды, деп хабарлайды inbusiness.kz  елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауыр жағдайына қарамастан науқас салмағы 4000 г болатын сау қыз баланы дүниеге әкелді.

Босану кезінде Айнагүл Оразбекова КВИ диагнозымен өте ауыр халде болған. Сондай-ақ, оған ауыр дәрежелі вирустық пневмонияның екі жақты диагнозы қойылған.

"16 наурызда Айнагүл Оразбекова өте ауыр жағдайда екі жақты вирустық пневмониямен және өкпенің 100% зақымдануымен реанимация бөліміне шұғыл түрде түсті", — дейді №2 МГБ директоры Нұрбол Тұрсынбаев.

Дәрігерлердің айтуынша медицина қызметкерлері екі ай бойы реанимация бөлімінде науқастың өмірі үшін күрескен.

Төтенше режимде жұмыс істеуге дағдыланған аурухананың жоғары білікті мамандары бірден екі адамның өмірін, яғни науқас пен жаңа туған нәрестені аман алып қалды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу