"Өкпесінің 80 пайызы жұмыс істемей тұрған": Ақтөбеде заң институтының басшылығы қаза тапқан жігіт туралы айтты

394

Марқұм М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына екі айлық курсқа келген.  

"Өкпесінің 80 пайызы жұмыс істемей тұрған": Ақтөбеде заң институтының басшылығы қаза тапқан жігіт туралы айтты Фото: Inbusiness.kz

21 жастағы Қамбар Бекзат институттың алғашқы кәсіби даярлық тобының тыңдаушысы болған. Екі айлық курс желтоқсан айының 23-інде аяқталуы тиіс екен.

"21 қараша күні тыңдаушымыз Қамбат Бекзат медициналық бөлімшемізге келіп, шағымын айтқан. Дәрігерлер дене қызуын өлшеп, барлық тексерулерді жасаған соң, дереу жедел жәрдем шақыртып, Ақтөбе фтизиопульмонологиялық орталығына жіберді. Біз өз тарапымыздан ата-анасына хабарластық. Анасы мен ағасы келіп, науқастың жанында 3-4 күн болды. 27-і күні жігіт жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Мәйітке сараптама қорытындысында оның өкпесі екі жақты қабынғаны, 80 пайызға жұмыс істемей тұрғаны және туабітті жүрек ақауы бар екендігі анықталды. Институт тарапынан денесін туған жеріне жеткізу жағын ұйымдастырдық. Ата-анасы, туған-туыстары тарапынан бізге шағым, арызы болған жоқ", — деді ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты басшысы Нұркен Мұхаметқалиев.

Институт басшылығындағылар оқу орнында карантин жарияланбайтынын айтты. Өйткені, марқұмда туберкулез анықталмаған. Даярлық курсын тәмамдаған тыңдаушылар жолдама бойынша полиция қызметіне қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу