Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев марқұмның отбасына көңіл айтты.
"Оның есімі жоғары кәсібилік пен ғылымға деген адалдықтың символына айналды. Ол есімі әлемге танымал ғалым ғана емес, сонымен бірге еңбегі мен жүріп өткен жолы біздің еліміздің тарихында мәңгіге қалатын дара тұлға. Темірғали Көкетаев Оксфордта дәріс оқыған алғашқы қазақ ғалымы. Оның еңбегін Кембридж университетінің Халықаралық өмірбаяндық орталығы екі рет атап өтті. Ол өз өмірін отандық ғылымға қызмет етуге және жас таланттарды тәрбиелеуге арнады. Ел ағасының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі мәңгілік жадымызда қалады", - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.