Оқшаулану кезінде тұрғындар шығынының тең жартысы азық-түлікке кеткен

1092

Сәуірдегі инфляция деңгейі 6,8%-ға жетті.

Оқшаулану кезінде тұрғындар шығынының тең жартысы азық-түлікке кеткен

2020 жылдың сәуір айында еліміздегі дүкендер, базарлар мен басқа да бөлшектік сауда орындары шамамен 495,7 млрд теңге өндірген: былтырғы көрсеткіштен 40,9%-ға аз. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады. Инфляцияны есептегенде сауданың құлдырау көрсеткіші бір жылда 44,7%-ға жеткен. Осы жылдың наурызына дейінгі жағдай бойынша бұл сектор 41,7%-ын жоғалтып отыр. 

Қаңтар және сәуір айлары аралығында бөлшектік сауда көлемі 2,87 трлн теңгеге дейін азайған. 2019 жылдың алғашқы 4 айындағы көрсеткіштен бұдан 5,9%-ға артық болды. 

Өткен айда инфляция деңгейі 6,8%-ға дейін өсті. Наурызда 6,4% болған еді.  2019 жылдың сәуір айында 4,9% деңгейінде тіркелді. Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк инфляциялық дәлізді 4-6% деңгейінде бекіткен болатын. Екі айдан бері көрсеткіштен белгіленген межеден асып кетіп отыр. Бұған себеп – жаңа коронавирус пандемиясы, мұнайдың арзандауынан кейінгі теңгенің құнсыздануы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу