Оқшаулану шараларын біртіндеп азайту қажет – ДДҰ

1388

Әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 2,47 милиионнан асты.

Оқшаулану шараларын біртіндеп азайту қажет – ДДҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық елдерді пандемияны ауыздықтауға бағытталған оқшаулану шараларын ақырындап азайтуға шақырды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Егер де шектеулердің күші ерте жойылса, індеттің қайтадан өршуі ықтимал екенін еске салды ұйым басшылығы.

ДДҰ өкілі Такеши Касай мұндай шектеу шаралары вируспен күресте тиімді екенін көрсеткенін, адамдар өмір сүрудің жаңа салтына үйрене беру керектігін айтады. Оның сөзінше, вакцина жасалмағанға дейін пандемия жағдайында өмір сүру қалыпты нормаға айналуға тиіс.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметі бойынша, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 2,47 миллионнан асып, оның 170 мыңы қайтыс болған. ДДҰ алдағы уақытта індет Африкада күрт өршуі мүмкін дегенді айтқан болатын. Қазір ондағы науқастарды саны 20 мыңнан асқан. Вирус ірі қалалардан халық тығыз шоғырланған елдімекендерге жеткен. БҰҰ-ның есебіне сүйенсек, жаңа коронавирус індеті 300 мың африкалықтың өмірін жалмауы мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу