Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан деп аталатын болды

2431

Қарағанды қаласында Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөнінде қоғамдық тыңдалым өтті.  

Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан деп аталатын болды

Қарағанды тұрғындары оның ішінде қоғам белсенділерінің Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан есімімен атауды сұрап келе жатқанына бірнеше жыл болды. 2016 жылы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халық арасында Майқұдық аталып кеткен Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан есіміне беруге ат салысатыны жөнінде жұрт алдында уәде берген. Алайда ол аудан атын өзгерете алмай кетті. Одан кейін әкім болған Ерлан Қошановта бұл мақсатты орындай алмай лауазымын өзгертіп кетіп қалған еді.

Биыл ең қозғалып шенеуніктер бұл істі қолға алуға бекінді. Майқұдықты Алаш көсемінің атымен атау үшін қоғамдық тыңдалым өтті. Карантин талаптарын бұзбау мақсатында он бес нысанда жиын өткізілді. Қоғамдық тыңдалымға 685 адам қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі Октябрь ауданы атауының өзгеруін қолдаған. Әр нысанға елу адамнан артық кіргізбегендіктен көптеген тұрғындар есіктің сыртында тұрып күткен.

"Жұмыстан сұранып дәл уақытында келсем де "Кешіктіңіз,  іште орын жоқ" деп мәдениет үйіне кіргізбеді. Сыртта тосып тұрдық, кейін іштегілер шығып көпшіліктің дауыс бергенін айтты. Қуанып қалдық", – деп айты аудан тұрғыны Нұрлан Жұмабеков.

Енді Октябрь ауданын өзгертуге қатысты халықтың шешімін қалалық маслихат депутаттары 26 наурыздағы сессияда қарайды.

"Дауыс беру кезінде халықтың басым бөлігі қолдады. 26 наурызда қоғамдық тыңдалым қорытындысын қалалық маслихат қараған соң оны облыс әкіміне жібереді. Содан кейін облыс әкімі бұл шешімді Республикалық ономастика комиссиясына жібереді. Заң бойынша солай болады. Ономастика комиссиясы соңғы шешімді қабылдайды", – деп мәлімдеді қалалық маслихат хатшысы Құдайберген Бексұлтанов.

Арайлым Еркебаева

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу