Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 4 өңірдің мұғалімдерімен онлайн кеңес өткізді

730

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарының мұғалімдерімен онлайн кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 4 өңірдің мұғалімдерімен онлайн кеңес өткізді

Аталған өңірлерде арнайы бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан ұстаздармен сөйлесті. Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында мұғалім жетіспейтін немесе білім сапасы төмен болғандықтан конкурстан өткен басқа облыстың педагогтері жаңа оқу жылында аттанған болатын.

Оқу-ағарту министрі жергілікті атқарушы органдардан әріптестердің жаңа жерге қалай бейімделгенін, ұстаздардың еңбек және тұрмыс жағдайы, еңбекақыны қалай төлейтінін, қандай сұрақтар мен мәселелердің барын сұрастырды. Мұғалімдер де министрге қызықтырған сұрақтарын қойды. Педагогтардың сұрақтарына жауап берген Асхат Аймағамбетов құрылымдық бөлімше басшыларына ұстаздармен тұрақты байланыста болып, туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды.

Министр назар аударған мәселелердің бірі – мұғалімдерді қолдау шараларының толық пакетімен қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, нақты оқу жүктемесіне сәйкес толық көлемде лауазымдық жалақысының 250% мөлшерінде қосымша ақы беру. Бұл сома жоғары жалақы, жалға берілетін пәтер ақысын және коммуналдық қызметтерді өтейді. Жергілікті атқарушы органдар мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдеріне бұл мәселені ерекше бақылауға алып, барлық қажетті төлемді дер кезінде өтеу тапсырылды.

Оқу-ағарту министрлігі жоғарыда аталған 4 облысқа үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Бұл білім сапасын арттыруға және аталған өңірлердегі мұғалімдердің тапшылығы мәселесін жоюға септігін тигізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу