Оқу-ағарту министрі әкімдермен кездесу өткізді

575

Ғани Бейсембаев Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының әкімдерімен кездесу өткізді. 

Оқу-ағарту министрі әкімдермен кездесу өткізді Фото: baq.kz

Өңірлерде білім беру сапасын арттыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz.

Кездесу барысында Оқу-ағарту министрі мен бірқатар өңірлердің әкімдері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген "Жайлы мектеп" жобасы аясында жаңа мектептер салу мәселелерін талқылады. Тараптар оқушы орындарының тапшылығын, үш ауысымды және апатты мектептерді жою үшін білім беру объектілерін уақытылы қолданысқа берудің маңызын атап өтті, - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-ағарту министрі мен өңір басшылары білім беру саласына қатысты мәселелерді шешу үшін белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы келісті.

Облыс әкімдерімен кездесу қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігі әр аймақта білім беруді дамытудың бірлескен арнайы өңірлік бағдарламасын қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу