Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Талапкер ауылындағы IT мектеп-лицейінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр мектеп жанындағы жазғы мектептің жұмысын көріп, оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған шаралармен танысты. Сондай-ақ оқу кабинеттері, кітапхана, спорт залдары, асхана және қауіпсіздік жүйесі қаралды.
Бүгінде мектепте 1400-ге жуық оқушы білім алады. Екі мектепалды даярлық тобында 64 бала тәрбиеленуде. Білім беру ұйымында 111 педагог пен 32 қызметкер еңбек етеді.
Сапар барысында балалардың қауіпсіздігі, білім сапасын арттыру және жаңа оқу жылына дайындық мәселелеріне назар аударылды.