Оқу-ағарту министрі Алматы облысындағы мектептерді аралап, тамыз конференциясына қатысты

562

Асхат Аймағамбетов Қонаев қаласы мен өңірдегі ауыл мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

Оқу-ағарту министрі Алматы облысындағы мектептерді аралап, тамыз конференциясына қатысты

Тамыз конференциясына 200-ден астам педагог қатысты. Министр алдағы оқу жылына қойылған міндеттер, атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді, деп жазады inbusiness.kz Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа облыс әкімдігі білім саласын дамыту мен қаржыландыру мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отырғанын, сондай-ақ кешенді бағдарлама бекіту жоспарланғанын мәлімдеді.

Министр азаматтарды қабылдап, қала және ауыл мектептерін аралады. Қонаев атындағы орта мектебіне шолу жасап, мұғалімдерімен тілдесті.

"Талғар ауданы Дәулет ауылындағы №11 орта мектептің жағдайы алаңдатады. Онда 624 оқушы оқиды. Қабырғалардың, төбелердің және жалпы ғимараттың жағдайына байланысты ата-аналардың да, мұғалімдердің де қорқынышы мен уайымын түсінемін. Балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі бірінші орында, шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Мектепті қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, әкімнің орынбасары мектептің күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді. Дегенмен оқу жылы басталмай тұрып, алдымен ғимаратты апатты жағдайға сараптамадан өткізу қажет. Ғимаратта мұғалімдер мен оқушылардың болуы үшін оның қауіпсіздігі туралы нақты деректер қажет", – деді Асхат Аймағамбетов.

Іссапар қорытындысы бойынша облыстың түйткілді мәселелерін шешу бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бөлімі мен жергілікті білім басқармасы басшыларына тапсырмалар берілді. Министрлік Алматы облысы бойынша білім беру инфрақұрылымын дамытуда да, педагогтердің біліктілігін арттыруда да қажетті қолдау көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу