Министрдің айтуынша, 2025-2026 оқу жылында ел бойынша 7859 мектеп балаларға білім бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол өз құттықтауында:
"Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!
Білім күні құтты болсын!", – деді министр Ғ. Бейсембаев.