Оқу-ағарту министрі Білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді

505

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық облысының білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Оқу-ағарту министрі Білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді Фото: gov.kz

Министр ұсыныстарды, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдап, негізгі міндеттерді атады. 

Кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов баяндама жасап, министрлікке қоғамнан көптеген өтініш түсіп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, бұл жергілікті атқарушы органдардың мәселелерді дер кезінде шешпей отырғанының белгісі. 

"2022 жылғы қарашада министрлік "Педагогті қорғау" Telegram-чатын іске қосты. 2 айдың ішінде чатқа 33 мың адамнан 5 мыңға жуық өтініш түскен. Сұрақтардың басым бөлігі сағаттарды бөлуге, аттестация, мұғалімдерді міндетінен тыс қызметке тартуға, олардан шамадан тыс есеп беруді талап етуге, еңбекақы төлеуге қатысты. Осыған байланысты білім бөлімдері мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет", - деп айтты Ернұр Дәуенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу