Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 6 жасар вундеркиндпен кездесті

591

180 елдің мемлекеттік туын білетін 6 жасар оқушы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 6 жасар вундеркиндпен кездесті Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктің хабарлауынша, Астана қаласындағы мектептердің бірінде оқитын, әлемдегі 180 елдің мемлекеттік туын жатқа білетін 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаевпен кездескен. Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, зеректігін көрсетті. Сондай-ақ ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.

"Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің елдің Туы. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді", – деді 6 жасар Ерген Дүйсенбек.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1-сынып оқушысы Ерген Дүйсенбекпен әңгімелесіп, оған грамота мен естелік сыйлықтар табыс етті. Министр Ергеннің ата-анасына ақылды және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу