Оқу-ағарту министрі қарағандылық оқушыларға алғыс хат жолдады

706

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев егде жастағы көршілерін өрттен құтқарған қарағандылық ағайынды Ерасыл мен Қанат Смағұловтарға алғыс хат жолдады.    

Оқу-ағарту министрі қарағандылық оқушыларға алғыс хат жолдады Фото: gov.kz

15 жастағы Ерасыл мен 14 жастағы Қанаттың батылдығының арқасында өрттен ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің бас ұстазы Қарағанды қаласындағы №12 мектептің оқушыларына өртті сөндіру кезінде қайсарлық пен батылдық көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

"Сендерге адам өмірін құтқаруға қадам басқан ержүрек батырлықтарың үшін зор алғысымды білдіремін. Өз өмірлеріңе қауіп төніп тұрса да, тәуекелге бел буып, нағыз ерлік жасап, үлкен қайғының алдын алдыңдар. Мұндай әрекетке барудың өзі үлкен жүректілік пен батылдықты, қайсарлықты талап етеді. Жасаған қадамдарың рухы берік, нағыз батырдың әрекеті деп білемін. Сендер болашақта ата-бабамыздан мирас болып қалған еліміздің кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғайтын, халықтың мақтанышына айналатын нағыз патриот азамат болып шығатындарыңа сенімім мол. Болашақтарың жарқын болсын!", - деді министр Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, ағайынды Ерасыл мен Қанат Смағұловтар көршілерінің көмек сұраған айқайын естіп, өрт сөндірушілерді шақырған және олар келгенге дейін өртті өздері сөндіруге тырысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу