Оқу-ағарту министрі салалық кәсіподақ өкілдерімен кездесті

656

Оқу-ағарту министрінің қоғам өкілдерімен кездесу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды  inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрі салалық кәсіподақ өкілдерімен кездесті

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдары мен актив басшылары басқосу кезінде білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдық кеңес өкілдері, мұғалімдер, білім басқармаларының басшылары және оқулықтарды әзірлеуші топ мүшелерімен кездескен еді. Мұндай басқосу алдағы уақытта педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда барлығы үш ірі салалық кәсіптік одақ жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу