Оқу-ағарту министрі Шымкентте полиция департаментіне барды

704

Министр 4 мыңнан аса оқушы білім алатын №1 мектеппен байланысқа шығып, қауіпсіздік талаптарын тексеріп көрді.      

Оқу-ағарту министрі Шымкентте полиция департаментіне барды Фото: polisia.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкентке қызметтік сапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz.

Ол қаладағы полиция департаментінде болып, жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.

"Бүгінде шаһарда 246 мектеп бар. Оның 151-і – мемлекеттік, 95-і – жеке меншік. Онда бейнебақылау камералары мен SOS дабыл батырмасы орнатылған. Олардың барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Тәртіпті бейнебақылау инспекторы қадағалайды. Бұл мектептегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Қайрат Далбеков.

Сондай-ақ білім ордаларында мамандандырылған күзет қызметінің бары атап өтілді.

"Нәтижесінде былтыр кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың төмендеу процесі байқалды. Дегенмен шешімін таппаған мәселелер де бар. Мысалы, жедел басқару орталығындағы интернет жылдамдығы мен күзет қызметі мамандарының кәсіби қабілетіне байланысты", – деді Қайрат Дәлбеков.

Министр мектепте бейнебақылау камераларын орнатқанда оның сапасына назар аудару керектігін атап өтті. Сондай-ақ Ғани Бейсембаев SOS батырмасының қалай жұмыс істейтінін тексерді. Ол 4 мыңнан аса оқушы білім алатын №1 мектеппен байланысқа шықты.

Соңында ведомство басшысы Қайрат Далбековке және полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды жұмыс екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу