Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

176

Тараптар білім беру саласындағы маңызды мәселелерді талқылады.

Оқу-ағарту министрі Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында министр Астана мен Ыстанбұл арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. 

Сондай-ақ, тараптар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу