Оқу-ағарту министрі журналистер мен театр өкілдеріне ренішін жеткізді

208

Министр еліміздегі білім беру жүйесінде атқарылып жатқан реформаларға тоқталды. 

Оқу-ағарту министрі журналистер мен театр өкілдеріне ренішін жеткізді Фото: Kazinform

BIZDIÑ ORTA подкастының қонағы болған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдағы кейбір көзқарастарға қатысты өз уәжін білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Баланың сапалы білім алып, саналы тәрбие мен дұрыс бағытта қалыптасуы – бүкіл қоғамның, ата-аналар мен педагогтердің ортақ міндеті. Алайда кейде журналистер де, ата-аналар да мұғалімнің жұмысын қиындатып жатады. Әсіресе мұғалімдерді орынсыз сынға алып, түрлі жағдайларға қатысты әлеуметтік желіде тэгтеп, кінә арту үрдісі алаңдатады. Мысалы, біреу қылмыс жасаса, оның бұрын мұғалім болғанын ерекше атап көрсетудің не қажеті бар? Бұл арқылы бүкіл мұғалімдер қауымына, 600 мың педагогке көлеңке түсіру ме? – деді министр.

Ғани Бейсембаев журналистерді ұстаз мәртебесіне нұқсан келтірмеуге шақырып, қоғамда мұғалім беделін көтеруге бәріміз бірлесе атсалысуымыз керек екенін айтты.

Сондай-ақ, министр театр сахнасындағы мұғалім бейнесінің келемежге айналатынына алаңдаушылық білдірді.

– Күлкі мен мазаққа құралған қойылымдарда мұғалім образының жиі қолданылуы – дұрыс емес. Бұрын үлкендеріміз ұстазды көрсе, бас киімін шешіп сәлем беретін. Ал бүгінде мұғалімді қорғаудың орнына, оны кінәлау жиілеп кетті. Мұғалімнің абыройын қорғай білу – әр азаматтың міндеті. Ол журналистік сауалдарға емес, оқушыға сапалы білім берумен айналысуы қажет. Ата-аналар да шектен шықпай, мектепке рұқсатсыз кіріп, мұғалімді мазаламауы керек, – деді ол.

Атап айтқанда, барлық мектептер "Келешек мектебі" моделіне көшіп, бір ауысымда оқыту форматына бет бұрып жатқаны айтылды. Сонымен қатар, 10 өңірдегі ескі әрі апатты мектептер жаңартылатыны да белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу