Оқу-ағарту министрлігі 1450 Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

743

Өңірлік білім басқармалары Бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі.

Оқу-ағарту министрлігі 1450 Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.

Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу