Оқу-ағарту министрлігі: 2024 жылы шәкіртақы 100%-ға өседі

1397

1 қыркүйектен бастап колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің стипендиясы 50%-ға көтеріледі.  

Оқу-ағарту министрлігі: 2024 жылы шәкіртақы 100%-ға өседі Фото: pixabay.com

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жалпы 250 мың студенттің стипендиясы көтеріледі.

Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында колледж студенттерінің стипендия мөлшерін екі есеге ұлғайтуды тапсырды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Президент тапсырмасын орындау аясында 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 250 000 студенттің стипендиясы 50%-ға көтеріледі. Сонымен қатар орта буын мамандықтары үшін стипендия мөлшері 20 948 теңгеден 31 422 теңгеге дейін, жұмысшы мамандықтары бойынша 21 787 теңгеден 32 681 теңгеге дейін артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу