Оқу-ағарту министрлігі Ақтөбе облысындағы балалардың үндеуіне қатысты жауап берді

162

Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселесі жағдай толық шешілгенге дейін тұрақты бақылауда болады.

Оқу-ағарту министрлігі Ақтөбе облысындағы балалардың үндеуіне қатысты жауап берді Фото: qaz.ulysmedia.kz

Ақтөбе облысындағы балалардың үндеуіне қатысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған мәселе ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің және Ақтөбе облысы әкімдігінің бақылауында.
Қазіргі уақытта барлық балалар кәмелет жасқа толған әпкелерімен бірге қауіпсіз жерде орналасқан.

Облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары отбасының тұрғылықты жеріне барып, жағдаймен танысты. Балалардың хал-ахуалы қанағаттанарлық, тұрмыс жағдайы белгіленген нормаларға сай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу